Дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салынады

Ауа температурасының күрт төмендеуінен дизельмен жүретін көліктерде отын жүйесінің қатып қалуы әбден мүмкін.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты Ұлттық автожол операторы бірқатар облыстағы республикалық трассаларда дизельмен жүретін қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізбек.

"Ұлттық автожол операторы бірқатар облыстардағы республикалық трассаларда дизельді отынмен жүретін рейстік жолаушылар автобустары мен автомобильдердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізуді жоспарлап отыр", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ.