Диснейленд коллекциясы аукционға қойылды

Сатылымға шығатын 1500 экспонаттың бәрі Джоэл Мэгиге тиесілі.

Алматы, NEGE. Бір ерекшелігі, оның әрқайсысы эксклюзивті топтамадан. Ал Джоэл – 30 жылда 6 мыңнан астам экспонат жинаған ең бай коллекционердің бірі. Аукционға шығарылатын ерекше тауар – Уолт Диснейдің өзі айдаған, 1917 жылы шыққан Форд көлігі. Сондай-ақ 1960 жылдары Диснейлендте қолданылған пілдерге арналған «Дамбо» аттракционы бар.

Мэгидің сөзінше, ол Диснейдің ең ерекше заттарын бүкіл әлем бойынша іздеген. Қала қонақтары мен тұрғындары ерекше жәдігерлерді Калифорниядағы тегін көрмеден 16 шілдеге дейін тамашалай алады. Ал аукцион Ван Итон галереясында Диснейлендтің 68 жылдығына орай өткізіледі.

 

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті