Дипломмен ауылға: Қызылқоғалық 17 маманға көтерме жәрдемақы төленді

Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау, NEGE. "Биыл «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тұрғын үй алу үшін 6 маманға бюджеттік несие берілді. Бұған қоса 17 маманға бір реттік көтерме  жәрдемақы төленді", - деді Нұрсұлтан Бисембиев.

Сондай-ақ,  спикер биыл Қызылқоға ауданының медициналық мекемелері төрт дәрігермен толыққанын атап өтті. Оның ішінде бір  педиатр, үш жалпы тәжірибелік дәрігер бар.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?