Дипломат елде жерленді

Каир қаласында қаза тапқан Мысырда Қазақстан елшісі болып қызмет еткен дипломат Еламан Жолдасовтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Оны Түркістан облысында жерледі, – деп хабарлайды туысы Нәзипа Өсербаева.

 

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Еламанды 31 желтоқсанда Түркістан облысындағы өзінің туған жері Шарбұлақ ауылында жерлеген. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәйітті жеткізу шығындарын көтерген.  «Еламанның жары мен оның балалары әзірге Мысырда екен. Ол жүкті, онда қанша болатынын білмейміз», – деген  Нәзипа Өсербаева туысының неден қайтыс болғанына байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты.  Еламан Жолдасов 13 желтоқсанда Каирдегі өз үйінің кіреберісінде өлі табылды. Кейін қаза тапқан дипломаттың жары Айнұр Молдабаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады. Ол жұбайының қайтыс болуына мұқият және ашық тергеу жүргізуді сұраған. 

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен