30 июня 2023 г. 14:17
Диплом жасап беремін деп 1,3 млн теңге алған алаяқ ұсталды
Түркістан облысының полицейлері кезекті алаяқты ұстады.
Алматы, NEGE. Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды.
Сырттай таныс әйел ұлыңа диплом алып беремін деп қызметі үшін жәбірленушіден ақша алған.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеуге алынды.