Діни нысандардың жұмысына рұқсат беріледі
Атырау қыркүйектің бірінен бастап карантин талаптарын жеңілдетеді. Өңірде эпидемиологиялық ахуалдың қалыпқа түсуіне байланысты ведомствоаралық комиссия осындай шешімге келді.
Алматы, NEGE. Енді діни, мәдени нысандар мен спорт кешендерінің жұмысы жанданады. Олар жұмысын қалай жүргізеді? 17 тамызда карантин режимі жеңілдетілгенімен барлығына бірдей рұқсат берілмеген еді. 31 тамыздан бастап, шектеу шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі басталады. Осыған орай мұнайлы өңірде мешіттер есігін айқара ашпақ. Қойылатын талап та жоқ емес.
Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев: "Ұжымдық, топтық және жұма намаздары өткізілмейді. Оған әлі рұқсат жоқ. Әзірге бір-бірден келіп құлшылық жасауға рұқсат бар. Онда да санитарлық нормаларды сақтау керек болады" деді.
Шаһардағы «Иманғали» орталық мешітінде қайта ашылуға дайындық жүргізіп жатыр. Жұма намазы оқылмағанымен жеке құлшылық жасауға келген адамдарды қабылдайтын діни нысанда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, дезинфекциялық жұмыстар жүйелі жүргізілмек.
Мұнда тек қана жеке намаздар оқылады. Әркім келіп, өз бетінше намаз оқитын болады. Және де неке қию, құран оқуға да мешітіміз ашық болады. Карантин шарттары да орындала отырып, намаздар оқылатын болады. Маска киіледі, арақашықтық сақталады және дезинфекция жүргізіліп тұрады.