Діни экстремизмге арбалғандар қалыпты өмірге келе ме?

«Extremus» дегеніміз латын тілінен аударғанда "шектен шығушы" деген мағынаны береді.

Алматы, NEGE.  Яғни, аталған парадигмада белгіленген мораль нормаларына, салт дәстүрге немесе құқық қорғаушы ара қатынастарға қарама қайшы келетін әлеуметтік контекстегі жеке тұлғаның, тұлға топтары мен қауымдастықтардың  әрекетін білдіреді. Экстремизмді адам қызметінің барлық саласынан кездестіруге болады. Мәселен, ол тұлға аралық қарым қатынаста, саясатта, дінде және т.б. «Экстремизм» ұғымы «басқыншылық»  және «қылмыс» ұғым тұрғысында жалпылама ұғым болып табылады. 

Алматы қаласы бойынша Наурызбай аудандық ҚАЖД пробация қызметінің есебінде діни экстремизмді тарату бойынша қылмыс жасаған жазасын өтеушілер бар. Бүгінгі таңда сол жазасын өтеушілер пробация, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауында. Ай сайын олармен профилактикалық сипаттағы сөйлесу жұмыстары жүргізіледі. Онда жазасын өтеушілер өз отбасылары мен жақын туыстарының дұрыс өмір сүрмегенін алға тартып, олармен бұрын кездеспегендерін, қарым қатынаста болмағандарына өкініштерін білдіреді. Сондай-ақ, қалыпты өмір салтына кегендерін мойындай отырып, енді сол істеріне, қателескеніне қапалы күйде. Яғни, өздерінің жақсы жаққа түзелгенін жұмыс істеп, өз отбасыларына көмектесу арқылы көрсетеді. Сонымен бірге, туғандарымен және жақын туыстарымен сөйлесу үшін жазасын өтеушілердің тұрғылықты мекенжайлары бойынша бірлескен тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады.

      З.Бейсенбетов, Алматы қаласы Наурызбай ауданының пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны                                                        

 

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты