Динара Сұлтан көпбалалы ана атанды
Үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған өнер иесі, алтыншы баласын бауырына басты. Ақпан айының 16 жұлдызында маңдайы торсықтай атұстарды дүниеге әкелген Динара қуанышты жаңалықты инстаграм парақшасы арқылы жариялады.
«Адамнан адам шығу оңай емес. Қош келдің, ұлым! Алла Ұлық», - деп жазды.
Жас ананың қуанышына Тоқтар мен Бейбіт, Айнұр Тұрсынбаева, Жазира Байырбекова, Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Мөлдір Әуелбекова сынды өнердегі әріптестері ортақтасып, оқырмандары құттықтады.
Иә, жыл басынан бірқатар өнер өкілдерінің шаңырағы бір жанға толығып, шілдехана, бесік той аталып өткені бар. Десе де Динара Сұлтан отандық шоу-бизнестегі көп балалы аналар көшін бастап тұр.
Айта кетейік, өнер иесі «SuperStarkz» музыкалық байқауы арқылы танылып, кейін «China Town» қыздар ұжымында ән шырқады. 2009 жылдан бері жеке орындаушы ретінде өнер көрсетіп келеді.