Дін және әйел: Рухани құндылықтар және заманауи сын-қатерлер

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі секцияларының бірі әйелдердің қоғамның өркендеуі мен тұрақты дамуына қосқан үлесі мен діни қоғамдастықтардың оның әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы рөліне арналған.

Конфессияаралық жұмыс пен дінаралық диалог «әлем мәдениетін» қалыптастыру мақсатында түрлі мәдениеттер мен діндердегі адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты, төзімділікті және құрметтеуді жақсарту үшін маңызды. Әйелдер конфессияаралық жұмыстың белсенді қатысушылары. Олар зорлық-зомбылықсыз қоғамды қолдайтын бітімгер ретінде шешуші рөл атқарады. Ватикандағы Әулие Петр Соборында Рим Папасы Франциск бұл туралы өз сөзінде: «...аналар кедергілер мен келіспеушіліктерді жеңіп, бейбітшілік орнатуды біледі. Осылайша олар қиындықтарды жаңару мен даму мүмкіндіктеріне айналдырады. Бұл әйелдердің қолынан келеді, өйткені олар өмірдің сан тармағын біріктіре алады» деп атап өткен болатын.

Әйелдердің діндегі рөлі туралы мәселе қазіргі таңда ең өзекті зерттеулерге жатады. Онда әйелдердің жоғары діндарлығы туралы тезис бірнеше рет расталған.

Зерттеу нәтижелері бойынша әйелдердің құндылық бағдарлары этикалық және эстетикалық талғамға негізделген. Халықаралық зерттеушілер әйелдерде сыртқы әлеммен бірлесу сынды жоғары құндылықтардың болуы заңдылық екенін айтады.

Зайырлы дәуірдегі қазіргі қоғам, біріншіден, дін адам өмірінен жойылмағанын, екіншіден, діни құндылықтарды тәрбиелеудегі әйелдердің діндарлығы ерлерге қарағанда көбірек байқалатынын көрсетеді. Зерттеушілер әйелдер ерлерге қарағанда діни рәсімдерді жиі орындайтынын атап өтті. Әйелдердің пікірінше, дін - отбасылық өмірге бақыт әкеледі, некені нығайтып, балаларды салауатты және бақытты етеді.

Қазақстан халықаралық ұйымдармен бірлесіп гендерлік теңдікті қолдау және әйел құқықтарын қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдайды және іске асырады.

Осылай, 1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметімен әріптестікте «БҰҰ-әйелдер» құрылымы жұмыс істейді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдар қабылданды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан гендерлік саясат институты - Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды, 2021 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюды, БҰҰ-ның шарттық органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруді қамтитын «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.

Осыған байланысты, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі шеңберінде басым міндеттердің бірі діндегі гендерлік теңсіздікті жою, тиісінше әйелдердің рөлін нығайту бойынша жаңа идеяларды, ұсыныстарды тұжырымдау.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды