Димаштың жаңа туындысы қашан жарық көреді?

Өнер жұлдызы бұған дейін инстаграм парақшасында жаңа клипін шығаратынын мәлемдеген еді. Тіпті, шығарылым әлемдегі ең қымбат туынды болатынын жеткізген.

Алматы, NEGE. Күні кеше әлеуметтік желілерге The Story of One Sky атты жаңа туындының тизері шықты. Ал 24 қыркүйек күні фан-кездесу барысында тұсаукесері өтпек. 12 минуттан тұратын бейнежазба жер бетіндегі жандарды береке-бірлікке, достыққа шақырады.

Кездесу Алматы қаласындағы «Алматы Арена» ғимаратында өтеді деп жоспарланған. Шара  барысында әртіс шығармашылығының жанкүйерлеріне қызықты бағдарламалар ұсынылады. Димаш пен оның достары дайындаған әндер шырқалып, әртіспен суретке түсуге мүмкіндік берілмек.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ