24 декабря 2020 г. 11:28

Димаштың жаңа клипі шықты

Фото:

Димаш Құдайбергеннің YouTube-тегі ресми каналында «Я скучаю по тебе» деп аталатын әнінің клипі жарияланды.

Алматы, NEGE. Бұл әнді Димаш желтоқсанның басында ресейлік НТВ арнасындағы «Центральное телевидение» бағдарламасында шырқаған болатын. Игорь Крутой мен Игорь Николаевтың Димашқа арнап жазған бұл әні жалғыздық, сағыныш туралы.

Димаштың өзі бұл әнді аса тебірене шырқағанын, сүйікті тыңдармандарын қатты сағынғанын айтады. «Бұл ән менің әр тыңдарманыма арналады», – дейді әншіміз.

Клипті ресейлік режиссер Евгений Курицын түсіріпті. Режиссер де «басты кейіпкердің сағынышын барынша дәл жеткізуге тырыстым» депті. Оның бағасын көрермен бере жатар.

Алғышқыда клипті ашық аспан астында түсіру жоспарланған екен. Алайда желтоқсан келіп, күн суытып кетіпті. Сондықтан түсірілімдер хромакей (жасыл фон) арқылы түсіріліп, компьютерлік графика арқылы өңделген.

«Димаш өте тәртіпті және өзіне талап қоя білетін жігіт. Ол әр дубльді мұқият қарап шықты. Эмоциясын дәл беру үшін кейбір тұстарын өзгертті. Менің ойымша, Димаш клипте керек атмосфераны тамаша бере білген», – дейді Е.Курицын.

Тегтер: