Димаштың діни ойы желі қолданушыларын дүрліктірді (видео)

TiкTok әлеуметтік желісінде жарияланған әнші Димаш Құдайбергеннің дін турасындағы пайым-пікірі, Аллаға қатысты айтқандары желі қолданушылары тарапынан қызу пікірталас тудырды.

Алматы, NEGE. Димаш бұл видеода: «Алла әр пендесін түрліше сынаққа алады. Бір адамға ештеңе бермейді. Ештеңе. Бақыт та, байлық та, танымалдық та. Ал енді біріне байлықты да, бақты да, танымалдықты да береді де қарайды. Бақытты пендесі осыны берген Алласына ризашылық білдіре ме, ал бақытсыз пендесі бақытсыздығы үшін Алласын жек көре ме деп сынайды», - дейді.

Желі қолданушылары Димаштың бұл ойына түрліше пікір қалдырып жатыр. Бірі жақтаса, енді бірі даттауда. 

«Адамды адам ететін дін емес, білім», «әнші, бишілердің уағыз айтуы орынсыз», «танымал тұлғалар жастарды діни сауат алуға емес, ғылымды игеруге шақырғаны жөн» дегендер діни уағыз айтуды қолдамайтындарын да білдіруде.

Қазір оқып жатыр

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады