Димаштың "Бір аспан тарихы" атты жаңа бейнебаяны жарық көрді
23 қыркүйекте Димаштың Алматыдағы жеке концертінде әртістің «Бір аспан тарихы» авторлық композициясының премьерасы өтті. 24 қыркүйекте әртістің жанкүйерлермен фан-кездесуінде көрермендер алғаш рет осы туындының бейнбаянын тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Көптеген музыкалық тақырыптар мен тәсілдерді пайдаланатын күрделі туынды – Димаш Құдайбергеннің үш жылдық композиторлық еңбегінің нәтижесі, деп жазады Dimashnews.com.
Фильм Димаштың өзі жазған әңгімесінің желісі бойынша, оның сценарийі бойынша түсірілді.
Бұл клип соғыс туралы емес, бейбітшілік туралы. Мұндағы соғыс – бір-бірімізге деген сүйіспеншілікті жоғалтқан кезде болатын нәрселердің контрастын білдіретін құрал. Балаларымыздың өмірін, сүйіспеншілігін, достығын, жерін сақтау үшін ұлттық, әлеуметтік, діни ұстанымдар бойынша бір-бірімізді бөлуді тоқтатуға, бірлікке шақыру туралы.
Бұл бейнебаянның тизері 2022 жылы 12 қыркүйекте жарияланған болатын. Ол "әлемдегі ең қымбат бейнебаян" деп аталды.