Димаштың атасы марапатталды

Танымал әнші Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласында Құдайбергеновтердің отбасында болып, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін берді.

Сонымен қатар Димаш Құдайбергеновке берілген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы марапатын Димашты тәрбиелеп өсірген әжесі Миуа Низамутдиноваға табыстады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады