Димаштың әкесі ұлының желіде тараған суреттеріне қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге «үндеу жасап» жүрген суреттері таралып жатыр.

 Алматы, NEGE. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі – Қанат Айтбаев ұлының түрлі партияларға дауыс беруге «үндейтін» суреттеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге "үндеу жасап" жүрген суреттері таратылып жүр екен. Халықаралық келісімшарттарымызға сәйкес және өмірлік ұстанымы бойынша ол ешқандай саяси науқанға қатыспайды. Танымал тұлғаның суреті мен есімін заңсыз қолдануға болмайды!», – деп жазды Айтбаев. 

Осы жазбаға қатысты бірнеше сағат ішінде жүздеген пікір жазылды. Халық Димашты саясаттан аулақ ұстау қажеттігін жазып, әкесіне алдын ала ескерткені үшін алғыс жазып жатыр. Димаштың суретін үгіт-насихат үшін пайдаланған партияларды көргенін де жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?