Димаштың концертіне 80 елден көрермен келді

Қазақстанның халық әртісі, ән әлемінің жарық жұлдызы Димаш Құдайбергеннің елордадағы концерті аншлагпен өтті, деп хабарлайды 24KZ.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 30 мыңға тарта адам сыятын «Астана Арена» стадионы 2 күн бойы көрерменге лық толды. Әлемге әйгілі өнерпаздың бірегей дауысын есту үшін жаһанның 80-нен астам елінен 10 мыңға тарта жанкүйер елордаға арнайы ат басын бұрған.

Димаштың «Stranger» атты жеке концертін ұйымдастыруға 200-ден астам кәсіпқой маман атсалысты.

Сонымен қатар 300-ден астам адамнан тұратын халықаралық өнерпаздар тобы өнер көрсетті. Олар Қытай, Ресей, Камерун, Гана, Уганда, Мексика секілді алыс-жақын елдерден келді. Димаш 3 сағат бойы тек жанды дауыста ән шырқады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?