Димаштың әні алғаш рет Disney радиосында шырқалды

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні алғаш рет әлемдегі ең ірі музыкалық радио брендтердің бірі – Radio Disney-дің барлық мексикалық станцияларының ротациясына енді, деп хабарлайды dimashnews.com.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Іс-шараның бастамашысы – Димаштың 2023 жылы Будапешттегі болған концертінен шабыттанған жанкүйері. Ол сол тұста әртістің дауысын Disney радиосынан естуді армандаған екен. Көп ұзамай әншінің әндері 30-дан астам елдегі Dears фан-қоғамдастығы қолдаған халықаралық науқанға айналды.

Әлеуметтік медиа, атап айтқанда X платформасы (бұрынғы Twitter) арқылы жанкүйерлер #DimashRadioDisney хэштегін 2024 жылдың қыркүйек айының соңында трендке айналдырған еді. Бұл Мексикадағы радиостанцияның жүргізушілері мен продюсерлерінің назарын аударды.

Пачукадағы Дисней радиосының жүргізушісі Бриссия мен продюсер Эдуардо бұл идеяны қолдап, Димаштың әндерін бағдарламалау бөліміндегі радиостанцияның әндер тізіміне енгізу туралы ұсыныс жасады.

Олардың қатысуы мен жанкүйерлердің белсенділігінің арқасында «Love’s Not Over Yet» әні қазір бүкіл Мексиканың Radio Disney эфирінде шырқалады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?