Димаш «Жылдың ең үздік әншісі» атанды

Танымал әнші Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін «Жыл әні» сыйлығында мен Ресейдегі «Жылдың ең үздік әншісі» деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша Қазақстандықтардың және барлық #dears тардың құрметіне арнадым», – деп жазды Димаш.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты