Димаш тыңдармандарын күтеді

Димаш Құдайберген Ресейде жеке шығармашылық кешін өткізеді. Бұл туралы өнер өкілі инстаграм парақшасында жариялады.

Алматы, NEGE. Отандасымыздың биылғы «Арнау» турнесі аясындағы алғашқы ән кеші Ресей қалаларынан бастау алмақ.

«Қадірлі достар, 16 ақпан күні Краснодар қаласындағы Баскет холлда менің жеке кешім өтеді. Келіңіздер! Мен сіздерді күтемін. Аса құрметпен және махаббатпен Димаш Құдайберген. Кездескенше!», - деп жазды әнші әлеуметтік желіде. 

Димаштың халықаралық әнсапары жалғасын табады. Өнер иесі Татарстан, Латвия, Украина, Чехия, Германия елдерін аралап, сәуірде Белорусь жұртшылығына жеке кешін өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды