Димаш тағы да жеңімпаз атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алды.

Алматы, NEGE. Әнші қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.

«Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздерге ресейлік «Виктория» музыкалық премиясында екі аталымда – «Классикалық музыкада жылдың әншісі» және «Жыл жаңалығы» бойынша жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears-қа арнадым», – деп жазды Димаш.

Сондай-ақ, ол Ресейдегі командасына және композитор Игорь Крутойға ризашылығын білдірді.

«Виктория» – өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік кәсіби өнерпаздарды – музыканттарды, орындаушыларды, композиторларды, ақындарды, продюсерлерді, журналистерді таңдайтын Ресейдегі алғашқы және жалғыз сыйлық.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты