Димаш польшалық фанаттарына алғыс айтты

Ә

лемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын.

Алматы, NEGE. «Бүгін Польшада «Димаш» радиосы ашылғанын білдім. Құрметті менің Dears-тарым (Димаштың фанаттары), менің шығармашылық жұмысыма арналған радио ашқандарыңыз үшін зор алғыс айтамын.

Осындай радио алғаш Аргентинада, одан кейін Польшада ашылды. Сіздер мен үшін көп нәрсе істеп жүрсіздер. Әлемде әншілер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіздер маған сенім артасыздар. Сіздерге деген алғысым шексіз», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты