14 мая 2023 г. 14:49

Димаш Малайзияда концерт береді

Фото:

Отандасымыз «Stranger» шоуымен әлемді шарлап жүр. 24 маусымда Куала-Лумпурде әншінің жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Dimashnews.com сайты.

Алматы, NEGE. Шоу әйгілі Axiata Arena Bukit Jalil стадионында сағат 20:30-да басталады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы 6-шы мамыр күні Түркияда Antalya Expo Kongre Merkezi-де өткен болатын. Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді. Түркиялықтар онда Димашқа өз елінің ұлттық аспабын сыйға тартты.

Тегтер: