Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де көрсетілді, әнші үздік бестіктің қатарына қосылды.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Димаш Құдайбергенді MTV USA эфирінде көрсететіні хабарланған болатын. Ол бейнебаянын MTV-де қазақ тілінде көрсеткен алғашқы қазақстандық әртіс.

Видео MTV USA арнасында, ал АҚШ-тан тыс көрермендер үшін MTV-дің YouTube-тегі ресми арнасында қол жетімді.

"Бүкіл әлемдегі шығармашылығымның жанкүйерлеріне мұны жасауға көмектескендері үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Менің Dears-терімнің тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен баға жетпес қолдауы арқасында менің бала күнгі бір арманым орындалы. Мен өте қуаныштымын, сіздерге деген ризашылығым шексіз", - деді Димаш.

Қазақстандағы АҚШ елшілігі әртісті MTV арнасындағы дебютімен құттықтады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?