Димаш Құдайбергенді тыңдармандары АҚШ әуежайында күтіп алды

Әлем таныған Димаш Құдайбергенді Нью-Йорк қаласындағы Джон Кеннеди әуежайында тыңдармандары құшақ жая қарсы алды.

Алматы, NEGE. Танымал өнер иесін қарсы алуға жиналған тыңдармандардың қарасы қалың. Димашпен кездесу үшін жанкүйерлер тек  АҚШ-тан ғана емес, Австралия, Жапония, Мескика, Ресей, Чили, Болгария, Филиппин, Испания, Канада және Қазақстаннан келіпті.

Айта кетейік, Қазақстандық әнші «Arnau tour ENVOY» шоуының қарсаңында Нью-Йорктегі Barclays Center алаңында 10 желтоқсан күні өнер көрсетеді. 7 мың көрермен жиналатын алаңда билеттердің барлығы уақытысынан бұрын сатылып кеткен.  Көрермендердің 75 пайызын американдықтар құрап отыр. Бұл шоуға толы ерекше кеш тыңдармандардың көңілінен шығатыны сөзсіз.