1 апреля 2020 г. 10:13

Димаш Құдайберген жанкүйерлерге өтініш айтты

Танымал әнші Димаш Құдайберген барлық жанкүйерлерін коронавирус індеті кезінде үйден шықпауға шақырды.

Алматы, NEGE. Әнші бейнеүндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Мен сіздерді қатты сағынып, бейне жазуды шештім. Өтінемін, үйден шықпаңыздар. Бұл әзіл емес, өте күрделі жайт, үйде қалыңыз. Бұл вирусты жеңетінімізге сенемін, себебі бәрі де өткінші. Мен оған сенемін, мен сіздерге сенемін, өздеріңізді қорғап жүріңіздер. Біз үйде отыруға тиіспіз», – деді әнші.

Тегтер: