Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихын айтып берді

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің барша жанкүйерлеріне арнаған «Өмір» композициясының шығу тарихын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Орындаушы Instagram желісінде жаңа композициясы туралы жазба жариялады.

«Менің «Өмір» атты жаңа музыкалық бейнебаянымды көріп үлгергендеріңізге сенімдімін. Ол менің 25 жылдық шығармашылық сапарым туралы, оған әсер еткен адамдар мен оқиғалар туралы ой жүгірту ретінде құрылды.
Сондай-ақ, бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа экранда менің ойларым мен сезімдерімді жеткізе алғаны үшін алғысымды білдіргім келеді
», — деп жазды Димаш Құдайберген.

Еске салайық, 24 мамырда туған күнінде Димаш Құдайберген «Өмір» атты жаңа музыкалық композициясын ұсынған болатын.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?