Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты (видео)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа әніне бейнеклип түсірді.

Алматы, NEGE.  Өнер жұлдызы бұл жайында өзінің Instagram парақшасында мәлім етті. «Okay» атты әніме түсірілген жаңа видеоны қабыл алыңыздар. Бейнеклип ресми Youtube арнамда жарияланған. Тамашалап, ой-пікіріңізді айтарсыздар» деп жазды Димаш. Okay әнінің сөзін жазған – Игорь Николаев, әуені – Игорь Крутойдыкі. Клиптің режиссері және сценарисі - Алина Верипия. Еске сала кетейік, бұған дейін Мюнхен конференциясына қатысушылар Димаш Құдайбергеннің өнеріне қошемет көрсеткенін жазған едік. Германияда өткен Digital Life Design еуропалық инновация конференциясына қатысушылар Димаш Құдайбергеннің көрсеткен өнерінен кейін орнынан тұрып, ұзағынан ду қол шапалақ соқты.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды