Димаш Құдайберген Тоқаевпен бірге елге оралған сәтінен видео жариялады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге ұшақ бортында түскен сурет пен видео жариялады.

Алматы, NEGE. «Көк аспанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік», – деп жазды Димаш Құдайберген инстаграм парақшасында.