Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин боксшыларды Ташкенттегі жеңісімен құттықтады

Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасын Өзбекстан астанасында өткен бокстан әлем чемпионатындағы жоғары көрсеткішімен құттықтады.

Алматы, NEGE. "Спортшыларымызды 4 алтын және 1 күміс жүлдемен шын жүректен құттықтағым келеді!" - деп жазды Димаш боксшылардың суретін жариялап. 

Сонымен қатар Геннадий Головкин де боксшыларды жеңісімен құттықтады. 

«Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижемен құттықтаймыз!» ‒ деп жазды Геннадий Головкин.