5 февраля 2020 г. 15:14
Димаш Құдайберген: халықаралық аренада тек қана бір елдің атынан шыға аламын
Әнші Димаш Құдайберген Евровидение байқауына қатысты жалған ақпаратқа жауап берді.
«Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысамын. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын.
Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным - Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің «Арнау» атты жеке концерттік турнемде кездескенше!», - деп жазды Instagram парақшасында. Димаш халықаралық аренада тек Қазақстанның атынан ғана шығатынын жеткізді.