Димаш Құдайберген фанаттарымен тікелей эфирде кездеспек

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлер қауымымен тікелей эфирде кездесуге уәде етті.

Алматы, NEGE. «Сәлем, Dears! Менің алғашқы онлайн-концертімді көргендеріңіз үшін рақмет! Мен және менің командам бұл кешті өте жақсы өткізді. Мен сіздермен 31 қаңтардағы онлайн-концерт эфирінен кейін болатын тікелей эфирде кездесуді асыға күтетінімді айтқым келеді. Менің сіздерге айтарым бар! Мен сіздерді жақсы көремін! Рақмет!», - деп жазды Димаш Instagram-парақшасында. Шара барысында жанкүйерлер Димашқа сұрақтарын қоюға, онлайн-концерт туралы әсерлерімен бөлісуге, сондай-ақ әртістің жоспарлары туралы білуге мүмкіндік алады. Еске салайық, Димаш Құдайберген TIXR америкалық стриминг-платформада онлайн-концерт өткізген болатын. Концертті 100 елдегі жанкүйер тамашалады. Көптеген фанаттың өтінішіне байланысты аталмыш шоу 31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де қайтадан көрсетіледі. Димаш өнерсүйер қауыммен тікелей эфирді осы көрсетілімнен кейін өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ бұған дейін хабарлағанымыздай, жақында қазақстандық әншінің «Golden» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны шығатын болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?