Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясының иегері атанды
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды.
Алматы, NEGE. Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті.
«Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. Cтипендияға ие болғандардың тізімінде Димаш Құдайберген де бар.
2023 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.