Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды.

Алматы, NEGE. King Choice веб-сайтында өткен онлайн дауыс беру нәтижесінде Димаш Құдайберген 9 304 871 дауыс жинаған. Екінші орында 8 197 975 дауыс жинаған оңтүстіккореялық BTS тобының әншісі Ким Сокджин. Үшінші орынға тағы бір оңтүстіккореялық әнші Чха Ын У (1 918 514 дауыс) ие болды.

Димаш Құдайберген - рейтингтегі жалғыз қазақстандық. Сонымен қатар, тізімде Корея, Қытай, Тайвань, Гонконг, Таиланд, Жапония, Филиппиннің әншілері мен актерлері бар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?