Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

Ән кеші 23 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді деп жоспарланып отыр.

Алматы, NEGE. "2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында "Stranger" атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі - Орталық стадионда өтеді.

Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін! Билеттерді сатудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Ақпаратты жіберіп алмаңыз!" - деп жазды Димаш.

Қазір оқып жатыр

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады