Димаш Құдайберген алғыс айтты 

Әлемге танымал қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген фанаттарына алғыс айтты.

 Алматы, NEGE. «Рахмет, Америка. Рахмет, Нью-Йорк. Ризамын сендерге, dears. Мен сендерді шексіз жақсы көрем. Қарапайым ғана еңбегіме әрдайым қолдау көрсетіп, көкке көтергендерің үшін алғысым шексіз. Видео кейінірек болады. Ал менің Америкадағы «Арнау» атты концертімнің толық ТВ нұсқасы жақында жарыққа шығады», – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өткенін, Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болғанын хабарлаған едік. Айта кетерлігі, Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концертінен Отанына орала салысымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты