Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде неге көрінбей кетті?

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде белсендігі төмендеген танымал әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарына үндеу жолдады.

Алматы, NEGE. "Dears (қымбаттыларым - ред.), соңғы кездері әлеуметтік желілерде белсенді емеспін, өйткені жобалармен жұмыс істеп жатырмын. Жақында сіздермен бөлісемін. Баршаңызға қайырлы күн болсын. Сіздерді жақсы көремін", - деп жазды Instagram-да әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту үшін АҚШ-қа көшетінін мәлімдеген.