Димаш концертінен түскен қаражатты Түркия мен Сирияда зардап шеккендерге аударады (видео)
Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабаралады.
Алматы, NEGE. «Қазақ халқына бауырлас, ағайын ел болып саналатын Түркиядағы, Сириядағы және басқа да елдерде табиғаттың залалынан көптеген адамның қаза тапқанын естідік. Әрине, зор күйзеліспен қабылдап отырмыз. Барлық дүние салған адамдардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ауыр халде күй кешіп жатқан бауырларымызға тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді Димаш Құдайберген.
Ол барлығына амандық тілеп, концерт билеттерінен түскен қаражаттың бір бөлігін көмекке жіберетінін айтты.
«Сондай-ақ, «Stranger» әлем турнесі аясындағы концерттерімнен түскен қаражаттың бір бөлігі табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек ретінде аударылатынын хабарлаймын. Толық ақпаратты кейінірек DimashNews сайтындағы командам жариялайды. Барлықтарыңызға амандық тілеймін», - деп мәлімдеді ол.