Димаш: Халық шаршады!

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстандағы толқуларға қатысты көзқарасын айтып, бірлікке нұқсан келтірмеуге шақырды. Бұл туралы ол

 Instagram  парақшасында жазды.

«Ардақты ағайын! Жырақта іссапарда жүріп, елдегі болып жатқан жағдайды естіп, көңілім алаңдаулы. Туған жерім, елім мен үшін әрқашан қымбат – халқыммен біргемін. Бәріміз үшін ең бастысы – халықтың бірлігі, амандығы, елдің әр азаматының әлеуметтік жағдайының дұрыстығы. Наразылығын білдіруге келген үлкен де, кіші де отбасының қамы үшін жүр. Бүгінде күнкөріс күн сайын қымбаттап, халыққа оңайға соғып жатқан жоқ. ХАЛЫҚ ШАРШАДЫ!!! Сол себепті, тұрмыс-тіршілік деңгейін көтеру мақсатында жүйелі әрі нақты шаралар қолданылуы керек. Тек бір мәселе, жыртығымызды жамаймыз деп жүріп, бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын!» – деп жазды әнші.

Димаш халықты сабырға шақырды.

«Жігіттің жақсысы – дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген, биліктегі құзырлы азаматтар тез арада оңтайлы шешім қабылдап, қордаланған мәселелерді шешсін. Барынша сабырмен, жағдайға байыппен қарап, өзара ортақ шешім қабылдауға ұмтылайық! Билік тарапынан халыққа күш көрсетілмей, халық тарапынан ақылға жеңдіріп, әр қадамды, ертеңгі күнімізді ойлап бір мәмілеге келуге жазғай! Аман бол, елім!!!» – дейді Димаш.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?