Димаш «Евровидениге» қатыса ма? Ресми өкіл жауап берді

Бұған дейін Димаш Құдайберген Ресей елінің атынан Нидерландта өтетін

«Евровидение» байқауына қатысуы мүмкін, деп ресейлік «Super» журналы хабарлаған болатын

Алматы, NEGE. Бұл жаңалық әншінің жанкүйерлерін бей-жай қалдырған жоқ. Өйткені, Ресейдің атынан қатысады деген ақпаратты қазақстандықтар қабылдай алмады. Алайда бұның жалған ақпарат екені мәлім болды. Ол туралы «ДимашАли»  шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Достар, Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына алаңдаушылық танытып, жазба қалдырғандарыңызға рақмет. Желіде кезекті жалған ақпарат тарап жатыр (қатысады екен, өтініш беріпті, қатысушылар тізіміне ілініпті және т.б.). Әншінің ресми өкілі ретінде мен бұл ақпаратты жоққа шығарамын. Димаш Құдайберген «Евровидение» байқауына қатыспайды. Қазір ол Ресейдегі және Еуропадағы жоспарланған концерттеріне дайындалып жатыр», —  деп жазды Назым Жанғазинова.

 

 

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды