Димаш «Евровидениеге» қатысуы мүмкін

Димаш Құдайберген Ресей елінің атынан Нидерландта өтетін

«Евровидение» байқауына қатысуы мүмкін, деп хабарлайды ресейлік «Super» журналы.

Алматы, NEGE. «Евровидениеге» кімнің жолдама алатыны онлайн дауыс беру арқылы белгілі болады. Ән байқауды трансляциялайтын «Бірінші» арнаның басшылары да іріктеуге атсалыспақ. Қазір онлайн дауыс беруге Димашпен бірге Юлия Зиверт, Полина Гагарина, Александр Панайотов, Ольга Бузова сынды орыс әншілері мен «LITTLE BIG» тобы қатысып жатыр.

Айта кетейік, «Евровидение» әлемдегі ең танымал музыкалық байқауы жыл сайын 1956 жылдан бастап өткізіліп келеді. Көрермендер саны 600 миллион адамға дейін жетеді. Еуропа аумағына кірмейтін Қазақстан және Қырғызстан, Аустралия, Канада, Мысыр, Үндістан, Ливан, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, АҚШ-та және басқа елдерде байқау  көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды