Димаш Еуропадағы әйгілі «Виртуози» телешоуында қазылық етеді

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Виртуоздар» телешоуында қазылық етеді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ол  Instagram парақшасында жазды.

«1999 жылы үйде 3 ұлы тенордың концертінің кассетасы болатын. Содан жылдар өткен соң ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты «Виртуози» телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете де алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлерге нағыз жұлдыз болуға тамаша мүмкіндік. Барлық сайыскерге және қазылар алқасына сәттілік тілейміз. Шақырту үшін рахмет», - деп жазды Димаш Құдайберген. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?