Димаш Азиядағы ең сымбатты жігіттер қатарына енді

Әнші Димаш Құдайберген "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең сымбатты 100 ер адам" халықаралық байқауында 20-шы орынды иеленді.

Алматы, NEGE. Димаш Құдайберген "The Most Handsome Asian Faces of 2020" ("Азиялық келбеттегі ең сымбатты ер адам") байқауына кандидат ретінде ресми түрде ұсынылып, алғашында төртінші орыннан бой көрсеткен болатын.

Әлеуметтік желі қолданушылары онлайн дауыс беру арқылы ең сымбатты 100 ер адамды анықтады. Тізім Instagram-дағы tccasia_official ресми аккаунтында және TCCAsia каналының Weibo парақшасында жарияланды.

Байқау нәтижесіне сәйкес, Димаш Құдайберген 20-шы орынға жайғасқан. Бұл жаңалықпен Instagram желісінің zhongxindeying парақшасы да бөліскен. Желі қолданушылары әншіні құттықтауға кірісті. 

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды