28 ноября 2024 г. 11:21

Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA жүлдесінің иегері атанды

Фото: инстаграм

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA жүлдесінің иегері атанды.

Алматы, NEGE. Әнші Instagram-дағы парақшасында ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлыққа рахмет. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA», – деп жазды Димаш.

DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) – Дубайда жыл сайын өткізілетін халықаралық премия. Ол өнер, мәдениет, бизнес және гуманитарлық жұмыстарға қосқан үлестері үшін әртүрлі елдердің көрнекті тұлғаларын атап өтеді. Лауреаттар жетістіктері мен халықаралық сахнадағы ықпалы үшін таңдалады.