Димаш Құдайберген Діндер съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды

Белгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды.

Инстаграм парақшасынан

Алматы, NEGE. Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар.

Хатшылық отырысына қатысушылар осы бес үміткердің кандидатурасын да бірауыздан мақұлдады.

Қалған Ізгі ниет елшілерінің тізімі мынандай:

Иерусалим Патриархы III Феофил;

Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс;

Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам;

Вьетнам буддисттік сангханың бас хатшысы, Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары Тхит Дык Тхиен.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?