Димаш баспанасын су алып кеткен халыққа көмектесуге шақырды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ел азаматтарын су басқан өңірлерге көмек қолын созуға үндеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол бұл жайында Instagram парақшасында жазды.

— Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірінде тез еріген қар суы сай-саланы лезде толтырып, автокөлік жолдарын шайып, бірнеше елдімекенді су басыпты. Көп отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен. Мұның себеп-салдарын құзырлы мекемелер анықтап, мәселенің түйінін шешу жолдарын іздестіре жатар. Мемлекет тарапынан үйлерін су шайып кетіп, далада қалған ағайынға толыққанды көмек көрсетілетініне сенім мол, - дейді қабырғасы қайысқан орындаушы.

Димаш Құдайберген тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу — ең басты парыз екенін еске салды.

— «От пен су — тілсіз жау». Сондықтан қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын! - деп қайырымдылыққа үндеді әнші.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?