Димаш әйгілі Пласидо Домингомен бірге ән шырқайды

Димаш Құдайберген Вьетнам астанасы Ханой қаласына барды. Бұл туралы әншінің dimashnews.com сайтынан мәлім болды.

Instagram/kudaibergenov.dimash

Алматы, NEGE. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың жанкүйерлері қарсы алды.

Вьетнамдық Dears-тың бірі тіпті Димашты қазақ тілінде қарсы алып, құттықтады.

Вьетнам жеріндегі кездесу әдеттегідей гүл шоқтарымен және әншінің жанкүйерлеріне берген қолтаңбасымен ыстық сезімге толы болды.

6 шілдеде Димаш Sun Symphony Orchestra-ның сүйемелдеуімен Хо Гом театрының сахнасында Пласидо Доминго және Кристин Ополайспен бірге өнер көрсетеді.

Концерт Вьетнам астанасының жаңа мәдени символдарының бірі Хо Гом театрының екінші туған күніне орай ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды