«Ділмановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды»
Кеше ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Дархан Ділманов қызметінен босатылғаны туралы ақпарат жария болды. Кейбір дерек көздеріне қарағанда, Ділманов жай ғана қызметінен босамаған сияқты.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Insider-дің хабарлауынша, генерал Ділмановтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, жұмыс кабинетінде және үйінде тінту жүргізілген. Әзірге оны қамаған-қамамағаны белгісіз. Алайда Ділмановтың түрлі экономикалық қылмыстарға, мемлекеттік қылмыстарға және Қорғас ісіне қатысы болуы мүмкін.
Д.Ділманов 2015 жылдан бері ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымын атқарып келді.