«Дикий» Арман қанды қаңтарда 24 адамды ұрлап әкеткен

Қаңтар қырғынына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталды.

Алматы, NEGE. «Алматы трагедиясы» кезінде Арман Жұмагелдиев басшылық еткен криминалдық топ 24 адамды ұрлап кеткен. Айтылған ақпаратқа сәйкес, олар адамдарды ұрып-соққан, соның салдарынан біреуі қайтыс болды. Бұл жайында арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров мәлімдеді.