Шымкенттегі атыс: «Дикий Арманның» адам өліміне қатысы бар ма?

Кеше күллі Қазақстан Абай күнін атап өтті. Дәл осы күні Шымкенттің қақ ортасында төбелес болып, соңы атысқа ұласқан. Екі адам жараланып, біреуі көз жұмды...

Nege.kz редакциясына күдіктіні іздеу үшін жарияланған хабарлама келді. Ондағы ақпаратқа қарағанда, оқиға былай болған: Қалалық жедел-жәрдем бөлімшесіне 19:00 шамасында  «Қазиев көшесіндегі №80 үйдің маңында болған атыстан 2 адам зардап шекті» деген хабар жеткен. Хабарланған мекен-жайдан 1987 жылы туған Құрманов Ғани Алпысұлының мәйіті табылды. Ал Мырзабаев Нұрғали Дәулетұлы ауыр жараланып, 19:25-те ауруханаға жеткізілді.

Күдікті ретінде 1989 жылы туған Дәуір Сабырұлы Тәукеевтің аты-жөні аталыпты. Тілшіміз Тәукеевке қатысты бірқатар қызық дерек тапты. «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев туралы Nege.kz порталы сериялы мақалалар жариялағаны естеріңізде болар. «Дикийдің» әлеуметтік желідегі парақшасын ақтарғанда, Шымкенттегі атыс бойынша күдікті деп танылған Тәукеевке қатты ұқсайтын адамның фотосын көзіміз шалды. 

Арман Жұмагелдиев пен Дәуір Таукеев бірге түскен суреттерін желіге бірнеше рет жариялапты. Жуырда «Дикий» дертіне дауа іздеген жұртқа көмек ретінде қажетті медициналық бұйымдарды тегін таратқанда, Тәукеев соның басы-қасында жүріпті.

Кез-келген мәселеге қатысты тікелей эфир өткізіп, ойын білдіретін А.Жұмагелдев Шымкенттегі атысқа қатысты әзірге жақ ашпады. Әліптің артын бақса керек. Өйткені, қанды оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Nege.kz порталы Шымкенттегі қанды оқиғаға байланысты және Арман Жұмагелдиевтің жеке басына қатысты ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың, ҰҚК төрағасы К.Мәсімовтің және Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы Е.Жұмахамбетовтің атына ресми сауал жолдады.  

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды