«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды.

Алматы, NEGE. «Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.